Мылтықпен жүрді: Астанада қолына қару ұстап, иттерді атқан ер адам жұртты шошытты
Астаналық тұрғын Көктал шағын ауданында балалардың көзінше қару алып, иттерді атқан ер адамды видеоға түсіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Куәгердің айтуынша, ветеринария ұйымның қызметкері көптің көзінше мылтықпен жүріп, көлік пен адам жүретін жолда кетіп бара жатып иттерді оңды-солды атып жүр. Видео авторы иттің жануарлар панажайында, еріктілердің бақылауында екенін айтты.
"Астана ветсервис" коммуналдық кәсіпорнының мәліметінше, "Көктал-1" және "Көктал-2" тұрғын үй алабы тұрғындары маңайда қаңғыбас иттердің шабуыл жасап жүргенін айтып шағымданған. Түскен арыз-шағымға сәйкес рейд жүргізілген.
Ақтауда мысық атқыш ер адам жазаланды (видео)
“Видеода "УВЫШ 3вг" пневматикалық газ шприці. Оны қаңғыбас иттерді ұстау үшін қолданамыз. Шприцке Қазақстанда рұқсат етілген денені жансыздандырып, қимылсыз қалдыратын препарат құйылады”, – дейді "Астана ветсервис" коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері.
Сондай-ақ жануарларды атып, есінен тандырған соң оларды панажайға апарып тастайтыны белгілі болды.
Бұған дейін Павлодар облысында әйелдің көзінше итті атып өлтірген еді.