Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азық-түлікке бір айда 178 мың теңге: Қазақстандық отбасылар өмір сүруге қанша жұмсайды

pixabay отбасыФото: pixabay.com

Қазақстандық отбасылардың орташа шығындары 1 036 603 теңгеге жетті (тоқсанға), яғни айына шамамен 345 534 теңге. Бұл қаражат азық-түлікке, маңызды заттарға, қызметтерге және несие төлемдеріне жұмсалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, екінші тоқсанда халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы 359 638 теңге болды. Бұл – айына шамамен 119 879 теңге. Ал шығындар аздап төмен – тоқсанына 311 192 теңге, немесе айына 103 731 теңге.

Орташа қазақстандық отбасының тоқсандық табысы 1 182 552 теңгеге жеткен, яғни айына 394 184 теңге. Ал тұтынуға жұмсалатын шығындар да миллионнан асып, орта есеппен 1 036 603 теңге (айына 345 534 теңге) болды. Басқаша айтқанда, қазақстандықтар тапқан ақшасының басым бөлігін бірден жұмсайды.

Орташа отбасы айына 178 737 теңгені азық-түлікке жұмсайды. Бұл барлық шығынның 52%-ына тең. Мұндай көрсеткіш кедей елдердегі деңгейге сәйкес келеді. Салыстырмалы түрде дамыған елдерде азық-түлікке жұмсалатын шығындар 15%-дан аспайды.

Азық-түлікке жұмсалатын айлық орташа шығындардың құрылымы:

•    тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындар – 164 437 теңге;
•    үйден тыс тамақтану – 7 168 теңге;
•    алкоголь – 1 705 теңге;
•    темекі өнімдері – 5 010 теңге.

Ай сайын ең көп қаражат жұмсалатын азық-түлік түрлері:

•    ет және ет өнімдері – 54 764 теңге;
•    нан өнімдері мен жармалар – 24 260 теңге;
•    сүт өнімдері – 17 479 теңге;
•    жемістер – 14 868 теңге;
•    көкөністер – 14 651 теңге;
•    қант, кондитер өнімдері – 10 724 теңге;
•    майлар мен тоң май – 8 422 теңге;
•    балық және теңіз өнімдері – 6 762 теңге;
•    жұмыртқа – 3 309 теңге;
•    алкогольсіз сусындар – 7 044 теңге;
•    басқа тағамдар – 2 155 теңге.

Басқа шығындар:

•    азық-түліктен тыс тауарлар – 69 329 теңге айына;
•    ақылы қызметтер – 63 224 теңге айына;
•    несие және қарыздар төлемі – 22 150 теңге айына;
•    алимент пен туыстарға көмек – 7 120 теңге айына;
•    салықтар мен өзге төлемдер – 525 теңге айына.

Айта кетейік, кейбір көрсеткіштер шындықтан алшақ көрінуі мүмкін. Себебі статистика отбасылардың сауалнамада көрсеткен деректері негізінде жасалады. Есептеулерде тек еңбекке қабілетті адамдар емес, барлық тұрғын ескеріледі.


Қазақстанның қай қаласының тұрғындары киім мен косметикаға көп қаржы жұмсайды


2026 жылдан бастап зейнетақы жинағынан жеке табыс салығы алынбайды: Кей азаматтар бұған дейін төлеген салығын қайтара алады


Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда екі немесе одан да көп жерде жұмыс істеуге тыйым салынатыны туралы жазған едік. Дегенмен заң бойынша бір уақытта екі немесе одан да көп жерде жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Алайда белгілі бір шектеулер бар: негізгі жұмыс күні – 8 сағаттан аспауға тиіс, қосымша жұмыс – 4 сағаттан артық болмауы керек, ал барлығы қосқанда тәулігіне 12 сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды. Қосымша жұмысқа орналасу үшін қызметкер негізгі жұмыс орнынан еңбек жағдайлары мен сипаттамасын растайтын анықтама ұсынуы қажет. Жыл сайынғы еңбек демалысы негізгі жұмыс орнымен сәйкес беріледі. Қосымша жұмыс істеуге тыйым салынатындар: 18 жасқа толмағандар, қауіпті еңбек жағдайында істейтіндер (медқызметкерлерден басқа), сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер. Ал қалған кәмелет жасқа толған азаматтар қосымша табыс табуға құқылы.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек, 2025 10:51
Талқылау