Миллионерлер Құлыбаев пен Тәтішев құны 108 млрд теңгелік ірі логистикалық кешендерді іске қосады
Фото: gov.kz
Kusto Logistics компаниясы (Kusto Group құрамына кіреді, негізгі акционері миллионер Еркін Тәтішев) биылғы жылдың соңына дейін Алматы облысында 28 млрд теңгеге логистикалық орталықты іске қосады. Бұл туралы өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Иелері Динара Құлыбаева мен Тимур Құлыбаев болатын MP Solutions компаниясы құны 80 млрд теңге болатын логистикалық кешенді іске қосады.
"Биылғы жылдың соңына дейін ірі A класты логистикалық кешендер іске қосылады. Олар MP Solutions (80 млрд теңге), Kusto Logistics (28 млрд теңге), Еуразиялық логистикалық парк (22 млрд теңге), Imagine Apple Logistics (16 млрд теңге)", - деді Сұлтангазиев брифингте.
Kusto Logistics Kusto Group құрамына кіреді. Акцияларының басым бөлігіне Еркін Тәтішев ие. Ол Forbes-тің Қазақстандағы ең бай адамдар тізімінде 30-орында, байлығы 368 млн долларға бағаланған. Ол Kusto Group-тың негізгі акционері және директорлар кеңесінің төрағасы. Компания Қазақстан, Сингапур, Канада, Вьетнам, Израиль, Украина, Италия, Өзбекстан және басқа елдерде девелопмент, агробизнес, құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру, мұнай-газ саласында, бөлшек сауда саласындва жұмыс істейді.
Компаниялар тобына Kazpetrol Group, Compass жанармай бекеттері, мал шаруашылығы бойынша KazBeef Group және тұқым шаруашылығы бойынша KazSeeds кіреді. Тәтішев "Қостанай минералдары" компаниясындағы ірі акциялар пакетін де басқарады. Қанат Көпбаев (Forbes бойынша 52-орында, байлығы 184 млн доллар) және олардың серіктестері Дәулет Нұржанов та Kusto Group акционерлері.
MP Solutions
eGov деректері бойынша, MP Solutions компаниясының жалғыз иесі – Mercury Properties, ол Динара Кулибаеваға (бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы және Тимур Құлыбаевтың әйелі) және "Кипрос" компаниясына тиесілі, ал "Кипрос" компаниясының жалғыз иесі Тимур Құлыбаев. Тимур мен Динара Құлыбаевтар Forbes-тегі Қазақстандағы ең бай адамдар тізімінде төртінші орында, әрқайсысының байлығы 5,3 млрд доллар.
Қазан айында Сұлтанғазиев MP Solutions логистикалық кешенінің құрылысын аралап көрді. Кешеннің аумағы 50 га. Директор Нұрмат Суерқұловтың айтуынша, құрылыс аяқталған соң кешенде 156 мың шаршы метр қойма алаңы және 1200 жұмыс орны жасақталады.
Еуразиялық логистикалық парк
Компанияның иелері ресейлік "Судаков Групп" (иесі Алексей Судаков, 2024 жылғы табысы 32,4 млн рубль немесе 213,2 млн теңге), "Республикалық орталық штабы" (иелері Асылжан Мырзаянұлы және Мариям Садықова), кипрлік Formiona Limited (иелері жарияланбаған) және Ольга Павлова.
"Евразиялық логистикалық парк" сайтындағы мәлімет бойынша, кешеннің жалпы аумағы 250 мың шаршы метр қоймадан тұратын A-классты жобасы 2025–2028 жылдары іске қосылады. 2025 жылдың IV тоқсанында екі корпусты 32,8 мың және 17,5 мың шаршы метр қоймалар пайдалануға беріледі. Коймалар Құлжа тасжолынан 5 км қашықтықта, Талғар ауданында орналасқан.
Imagine Apple Logistics
Компанияның иесі Амангелді Ішмұхамедов. 2025 жылдың басында Алматыда 73,5 мың шаршы метр A-классты қойма терминалы іске қосылды. Компания Apple City Corps құрамына кіреді, бұл топ Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі ірі тұтыну тауарлары дистрибьюторларының бірі.
2022 жылы облысқа негізгі капиталға инвестициялар 614 млрд теңге болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн теңгеден асты. Биылдың соңына дейін инвестиция көлемі 1,3 трлн теңгеге жеткізілмек. 2025 жылдың 10 айында ол 834 млрд теңгені (+16%) құрады.
Іске қосылған ірі жобалар:
- "Focus Logistics" логистикалық паркі 70 млрд теңге
- "Алтын таға" бетон зауыты 35 млрд теңге
- "LC Waikiki" сауда орталығы – 30 млрд теңге
- "КегенМясПром" ет комбинаты – 3,5 млрд теңге
- "Шин-Лайн" мұздатылған өнім фабрикасы – 18 млрд теңге
- "Қапшағай Бидай Өнімдері" агрокешенінің кеңейтілуі – 12 млрд теңге
Сұлтангазиевтің айтуынша, "Шин-Лайн" фабрикасы мұздатылған өнімдерді Сауд Арабиясы, Ресей, Қытай және Орталық Азия елдеріне экспорттайды. Сондай-ақ, Fruit Art компаниясының өнімдері мен LST AGRO жылыжайындағы қызанақтардың 90%-ы Ресейдегі "Пятерочка" және "Магнит" сауда желілеріне тікелей жеткізіледі.
Нәтижесінде облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 2024 жылмен салыстырғанда 15% өсіп, 345,2 млн АҚШ долларын құрады.
Ата-анамызды асырауға біз міндеттіміз бе?: Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді