Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Миллиондап ақша жіберетін": Трансгендер-блогер Никонет өзіне министрдің ғашық болғанын жайып салды

Фото: https://www.instagram.com/niko_nett/

Танымал трансгендер Никонет жеке өмірінен сыр шертіп, лауазымды тұлғаның сүйіктісі болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрмен қарым-қатынасын жайлы алғаш рет жариялаған Никонет көп өтпей жазбасын өшірді. 

“Менің бұрынғы сүйіктім министр болған. Осы күнге дейін ол туралы ешкімге тіс жармадым. Ол үйленбеген. Мен де отбасылы еркектермен байланыспаймын. Алты ай бойы мен үшін барын салды. Миллиондап ақша жіберіп, гүлдер мен сыйлықтар берді. Бәрі ертегіге ұқсады. Бірақ жүрекке әмір жүрмейді", – деп жазды ол.


  • "Спортзалдағы әйелдер киім ауыстыратын жерге кірді": Қазақстандық трансгендер Ника Неттің басы дауға қалды

  • Трамп 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға трансгендерлерді қатыстырмауды сұрады


Сондай-ақ, Никонет лауазымды қызметте істейтіндердің дені шынайы болмысын көрсетпейтінін жеткізді. Оның айтуынша, билігі бар кей адамдар өздерінің ішкі қараңғылығын жасыру үшін маска киетін көрінеді. 

"Мен енді батылдық танытып, көпшілік айтпайтын шындықты жеткізгім келеді: Адамда билік көп болса, ол соғұрлым ішкі қараңғылығын жасыруға тырысады", – деді ол.

Фото: https://www.instagram.com/niko_nett/

Еске салайық, Қазақстандық трансгендер Никонет төрт рет ота жасағанын айтқан еді.   

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 30 Мамыр, 2025 12:06
Талқылау