Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Милад Карими Әлем кубогында алтыншы алтын жүлдесін жеңіп алды

Фото: Stan.kz

Қазақстандық гимнастшы Милад Карими 2025 жылғы Әлем кубогы кезеңінде алтыншы алтын медалін жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан жарыста Карими кермедегі жаттығуда үздік көрсетіп, 14,466 ұпай жинады. Осылайша Милад алтын медальға ие болды.

Бұл сында күміс жүлде Кипр спортшысы Мариос Георгиуға бұйырды. Ол  14,066 ұпай жинады. Ал 13,866 ұпай жинаған швейцариялық Ноэ Сейферт қола медаль еншіледі.

Қазақстандық гимнастшы Әлем кубогындағы алтын жүлде санын 9-ға жеткізді. Бұған дейін Карими Каирда өтіп жатқан бәсекеде еркін бағдарламада бірінші орын алған болатын.



Айта кетейік, бұл Миладтың 2025 жылғы Әлем кубогы кезеңдерінде ұтқан алтыншы алтын жүлдесі. Отандасымыз осы жылы Дохада өткен жарыста екі алтын және Котбус пен Осиек қалаларындағы Әлем кубогінде бір-бір алтын жүлдені иеленген болатын.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 28 Сәуір, 2025 19:38
Талқылау