"Микрокредит KZ" микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды
"Микрокредит KZ" микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Бұл шешімді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қарағанды қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы шығарған.
“Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қарағанды қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының бұйрығына сәйкес "МҚҰ "Микрокредит KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылды”, – делінген хабарламада.
Лицензияның күшін жоюдың себебі ретінде ұйымның "микроқаржы қызметі туралы" туралы заңның “уәкілетті органның жазбаша нұсқауларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) орындамау” бабы көрсетілген.
Қазақстандық банктер мен микроқаржы ұйымдары енді борышкерлерге үш реттен артық хабарласа алмайды
Заңға сәйкес микроқаржы ұйымы қаржы агенттігі микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензияны кері қайтарып алу туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өз атауынан "микроқаржы ұйымы" деген сөздерді, туынды сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге міндетті.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес МҚҰ алдындағы міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапқа тартылады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда микрокредиттерді беру тәртібі өзгеретіні туралы жазған едік.