Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы дәмханасында төбелес: Ер адамның басынан темір көсеумен ұрған

Алматыда 25 жастағы жаппай төбелеске қатысқан адам ұсталды. Алдын ала болжам бойынша, ол өзінің қарсыласын өлімші етіп сабап тастаған. Жәбірленуші 26 жастағы Еркебұлан Әшірқұлов миына зақым келгендіктен ауыр ота жасатуға тура келіпті. Дәрігерлердің сөзінше ер азаматтың қайта қалпына келуі 2 жылға дейін созылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Мейманханаға келген 28 жастағы Еркебұлан Әшірқұлов күтпеген жерден ауруханаға бір-ақ түсті. Оның туыстары көрсеткен видеожазбада дәмхананың ішінде ойда жоқта теке-тірес басталғаны байқалады. Артынша теке-тірес, жаға жыртысқа алып келген. Соғыс кезінде қарсы тарап көсеу мен әйнек бөтелке пайдаланған көрінді. Нәтижесінде Еркебұланның миы зақымданып, ал оның жанында болған бауырлары жарақаттаныпты. 

«Бірер уақыт төбелесіп, біз дәмханадан шығып кеткенбіз. Олар болса артымыздан әйнек бөтелке лақтырып, артымыздан қуа жөнелді. Біреуі кәуапхана маңында тұрған темір көсеуді алып алған», - деді Еркебұланның туысы.

Айтуларынша, кінәлілердің барлығы толық полиция қолына түспеген.

«Қазіргі таңда оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 1994 жылғы ер азамат ұсталды. Аталған іс бойынша тергеу жүргізілуде», - деді Алматы қаласының ПД қызметкерлері. 
 

Талқылау