Миы шайқалып, саусақтары сынған: Қарағандыда ер адам медбикеге шабуыл жасады
Видеодан скриншот
Қарағандыда ер адам жекеменшік медициналық орталық қызметкеріне шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еkaraganda.kz хабарлады.
Жәбірленушінің анасының айтуынша, оқиға 16 шілде күні болған. Ер адам медбике отырған қызметтік кабинетке кірмек болған. Алайда ол бөлмеге тек қызметкерлерге кіруге рұқсат етілгендіктен, оның жолын бөгеуге тырысыпты. Бірақ ер адам ескертуге қарамастан, есікті күшпен ашып кірген.
"Ол қызымды ұра бастады, 20 минут бойы соқты. Екі саусағын сындырып, ми шайқалды. Қолын тістеп алған. Қызым жылап, айқайлап, жалбарынып ұрмауын өтінген: "Мен жалғыз басты анамын, баламды жалғыз тәрбиелеп отырмын" деген. Бірақ ол одан бетер ұра берген. Қызымның шашы ұзын еді, сол шашын қолына орап алып, сүйреді. Шашының ортасына дейін жұлынған, басы қан-қан. Қазір ол ауруханада жатыр", – деді жәбірленушінің анасы.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медбике жедел нейрохирургия бөлімінде ем алуда. Жағдайы – тұрақты, орташа ауыр.
Облыстық полиция департаменті шабуыл жасаған адамның жеке басы анықталғанын, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі таңда 42 жастағы күдікті психоневрологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында.
Медициналық орталық жәбірленушінің ем-домы мен оңалту шығындарын өз мойнына алған, оған психологиялық көмек те көрсетіледі.

"Халықтың қайғысына құрметсіздік": Алматыда Лениннің есімі берілген дәмхана желі қолданушыларының ашуын туғызды
