Михаилдің тарихи жеңісінен кейін Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына ерекше сый құрмет көрсетті

Италия төрінде өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарын Қазақстанға мәнерлеп сырғанаудан тарихи алтынды Михаил Шайдоров жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осы айтулы жеңістен кейін әнші Қайрат Нұртас марқұм Денис Теннің анасын құттықтап, ерекше сый құрмет көрсетті.
“Михаил бауырым Олимпиаданың алтынын сыйлап барша қазақты қуантты. Бауырыма сәттілік! Бірақ мен дәл қазір Денис Теннің анасы Оксана анамызға келдім. Кешегі жеңісітің бәрі бұл Денис Теннің арқасы. Алғашқы қадамды жасаған Денис Тен. Мұндай ұлды туған сізге рақмет! Сізге ұзақ ғұмыр тілейміз! Сіз барша қазақ елінің анасысыз”, – деп өзінің жылы лебізін білдірді Қайрат Нұртас.
Расымен Денис Тен салған сара жол бүгінгі таңда Олимпиаданың алтынына ұласты. Денис Тен 2014 жылы Сочиде өткен ақ ойындарында қола жүлде еншілеп, Қазақстанға мәнерлеп сырғанаудан алғашқы жүлдені сыйлаған еді.
Ал күні кеше Михаил Шайдоров Италияда топ жарып, 32 жылдан кейін Қазақстанға қысқы Олимпиада ойындарында алтын жүлдені ел қоржынына салды.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген