Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Михаил Шайдоров Илья Малининмен бірге ISU сыйлығына ұсынылды

Михаил Шайдоров Илья МалининФото:Olympic.com

Мәнерлеп сырғанаудан Милан Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоров ISU Skating Awards халықаралық сыйлығына үміткер атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сонымен қатар, бұл марапатқа америкалық мәнерлеп сырғанаушы, екі дүркін әлем чемпионы Илья Малинин мен жапониялық спортшы Каори Сакамото да ұсынылды.

Каори Сакамото Олимпиада ойындарында үш рет күміс және бір мәрте қола жүлде иеленген.

Жеңімпаздар жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталады. Ең көп дауыс жинаған үш спортшы финалға өтеді.

Ал жеңімпаздар 29 наурыз күні Прагада өтетін әлем чемпионаты кезінде марапатталады.

Айта кетейік, Миланда өткен Олимпиадада ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанау жарысы өте тартысты өтті.


Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа тағы бір көлік сыйға берілді


Михаил Шайдоровқа есе жіберген америкалық мәнерлеп сырғанаушы Олимпиадада беделді марапатқа ие болды


 

Қысқа бағдарламада бірінші орын алған АҚШ өкілі Илья Малинин жарыстың басты фавориті саналған еді. Алайда ол еркін бағдарламада сәтсіз өнер көрсетті.

Нәтижесінде барлық элементті сәтті орындаған қазақстандық Михаил Шайдоров Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды. Бұл Қазақстан үшін 32 жылдан кейін келген тарихи алтын жүлде.

 

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026 16:19