Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мейрамбек пен Сәкенге бұйырмағаннан дәмеленбе": Атақ алмадым деп ренжіген Amre оқырман сынына жауап берді

Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал әнші Amre-нің атақ алмай қалған ренішке толы жазбасы сынға ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тыңдармандарының арасынан тіпті жазбаны өшіруді талап еткендер де болды.

“Сәкен мен Мейрамбектерге бұйырмаған атақтан сен не деп дәмеленесің?! Олар атақ-даңқтан тап-таза болып отыр. 30 жасқа келдім деп, тура 80 жасқа толған шалдай айттыңыз”, – деп жазды желі қолданушысы.

Өнер иесі де жауап қайтарып, не себепті атаққа қызыққанын түсіндірді. 

“Ағаларымның жолы да, жасы да үлкен. Ол кісілер үшін жауап бере алмаймын. Мен өзім жайлы айтып жатырмын. Өнерде жүріп, жасым 75-ке келіп, өнерлік мансап жолында, еш нәтиже шығармасам, жасым үшін марапатталамын ба?! “Еңбек сіңірген қайраткері” атағы жаспен өлшенеді деп кім айтты?! Әркімнің өз жолы, қойған мақсаты болады. Менің жеке тұлға ретінде, өзімнің алдымдағы мақсатымда, 30-ға дейін атақ алу болған, оны жасай алмадым. Реніш те жоқ емес”, – деді Amre.


  • "Еңбек сіңірген қайраткер" атағын алғым келген": Әнші Amre атақ бұйырмағанына ренжіп қалды

  • "27 жыл бойы өнерге қызмет еттім": Дастан Оразбеков мемлекеттік сыйлық алған әріптестеріне қатысты ойын бөлісті


Айта кетейік, “Қазақстанның халық әртісі” атағын әнші Әлішер Каримов пен дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова алған еді. 

“Құрметті ағайын! Бүгін – мен үшін тарихи күн. Маған “Қазақстанның Халық әртісі” атағы берілді. Осы жоғары марапатты Президентіміздің қолынан алу – үлкен мәртебе. Бұл марапат мені қолдаған тыңдармандарым мен барша жанкүйерлерімнің арқасы деп білемін. Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын!", – деп жазды Каримов. 

Айта кетейік, "Баянның келіні "қайраткер" атанды" деп желі қолданушылары "Халық әртісі" атағын алғандарға қарсы шыққан еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 23 Мамыр, 2025 11:12