Мейрамбек Бесбаев жары Мархабаттың туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев жары Мархабаттың туған күнін атап өтті. Қуанышта әншінің өнердегі достары мен Мархабаттың құрбылары бас қосты.
Мейрамбек пен Мархабаттың отбасылық достары, өнердегі дос-әріптестері туған күнде бас қосты. Туған күн иесін жаңа жасымен құттықтап, ақ тілегін арнады.
Желіде өнер иелері туған күн кешінде түскен суреттерді жариялап жатыр.
"Жеңшемнің туған күні құтты болсын! Бірге қартайыңыздар!", - деп жазды Асхат Тарғын.
"Тамаша кеш, керемет туған күннен естелік. Жеңгешка, 100 жасаңыз", - деп жазды актер Әсет Иманғали.
"Су сұрасам сүт берген, айран берген,
Ағамның үйіндегі аппақ айдай жеңгем. Жарық дүниеге келген күніңіз құтты болсын! Мархабатым, махаббатым деп марқайып жүретін марқасқа ағамның маңдайындағы жарық жұлдызы да, құндызы да өзіңіз. Қорғаныңыз бола білген ағама қолғабыс болып, қырмызы қылықты қыздарыңызбен, атқамінер ұлдарыңыздың қызығы мен шыжығын бірге көріп, бақытты да баянды ғұмыр кешіңіздер! Біз сіздерді жақсы көреміз!", - деп жазды Ернар Айдар.
Арман Дүйсенов туған күн иесіне жүрекжарды туындысын арнады.
Мархабатжан,
Құтты болсын бүгінгі жаңа жасың,
Пәк көңілмен баурайтын балашасың.
Жүздескен адамыңа шаттық сыйлар,
Ақылыңа көркің сай тамашасың!
Күміс күлкің жүзіңнен арылмасын,
Кең пейілің ешқашан тарылмасын.
Мейрамбектің аяулы ақ отауын
Жаратқаным әрдайым жарылқасын!
Мәнді ғұмыр кешкейсің ұзағынан,
Жаңылмастан жалғанның тұзағынан.
Ұл-қызыңның бақыты баянды боп,
Немереңді көрейік құшағыңнан!
- Қыз бен жігіт сияқтымыз: Мейрамбек Бесбаев отбасылық бақыты жайлы айтты
- Мейрамбек Бесбаев: Көмек сұраған үйге бардық, қасындағы көршісі шіріген бай екен, ол қайда қарап отыр
"Мәкеңнің мәңгілік, мөп-мөлдір махаббаты, қазақтың ең сұлу Мархабаты! Туған күнің құтты болсын, құрбы жаным! Бақытқа толы болсын әр атқан таңың, басыңнан кетпесінші қонған бағың, бар бақытты тіледім Мархажаным!. “Рахмет бәрің үшін, рахмет барың үшін..." деп, Мәкеңнің арнайы тапсырыспен жазылған бұл әні сыйлықтың ең төресі болды. Сиясы кеппеген әннің тереңдігі де, құдіреті шексіз! Ән жүрекке де тиді, сөздері сүйектен де өтті!Мәкең үшін жаралған, сүйікті еткен Мархажан! Саған миллион гүл де, он шақты ұл да, жаңа туған әндер де артық етпес! Тұсауы кесілген ән құтты болып, талғамы да талабы жоғары болған авторларымызға, ән үшін рахмеееет!", - деп жазды Айман Нұразхан.