Мейрамбек Бесбаев өзіне тарту етілген кептерге Нұрлан Қоянбаевтың есімін берді
Мейрамбек Бесбаев алғаш рет Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студия» бағдарламасына қатысты. Бағдарлама барысында әншіні өткен 40 жас мерейтойымен құттықтаған Нұрлан Қоянбаев оған ақ кептер тарту етті.
«Менің кептерімнің көбісі ақ түсті, шатасып кетпесін деп қанатына «Түнгі студия» деп жазып қоямын. Әлде Нұрлан деп жазсам ба екен?» – деп қалжыңдады Мейрамбек Бесбаев.
Нұрлан Қоянбаев кептерлерді түр-тұлғасына қарай ажырата алмайтынын айтып, әншіден құстың ұрғашы не еркек екенін біліп беруді өтінді. Тіпті:
«Ұл болса Нұрлан деп, қыз болса Дәулет деп қойыңыз», – деп көрермендерді ду күлкіге қалдырды.
Ал кептерлерді жанындай сүйетін Мейрамбек Бесбаев құсты торынан алып шығып, оның еркек екенін мәлімдеді. Сөйтіп оған Нұрлан Қоянбаевтың есімін берді.
Айта кететін жайт, аталған бағдарлама қазақтың ең сүйікті әншісін ұзақ уақыт күткен. Бұл туралы Нұрлан Қоянбаев:
«Мәке біз бұл студияда үш қонақты ұзақ күттік. Әрине, елбасымызды, Мейрамбек Бесбаевты және Геннадий Головкинді. Алтын уақытыңызды бөліп келгеніңізге көп-көп рахмет», – деді.
Жіберіп алмаңыз:
Мейрамбек Бесбаев шашын тақырлап алып тастамақ
«Музарт» тобының ізбасарлары алғашқы өнерлерін елбасының алдында көрсетті
Ұялсақ етті! Майғазиев ана тілінде сөйлеспейтін қазақтарды сынап тастады (видео)
Қайрат Нұртастың әкесі отбасын сақтап қалу үшін кезінде әншіліктен бас тартқан