Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Музарт тобының әншілері шашын тақырлап алып тастамақ

«Музарт» тобы шаштарын тақырлап алып тастауға бекінген. Бұл туралы Мейрамбек Бесбаев Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студия» бағдарламасында айтып берді.

маке_6

Жуырда ғана 15 жылдық мерейтойларын атап өткен «Музарт» тобы 2017 жылды демалыстан бастамақ. 2-3 айға созылатын үзілісті бұзып қоймау үшін топ әншілері шаштарын тақырлап алып тастауға бекінген.

«Музарт» тобы 15 жылдан кейін 2-3 айға үзіліс алайын деп жатырмыз. Біз әдейі тойға шығып қоймайық, жұмыс істеп қоймайық деп бірнәрсе ойлап таптық. Шашымызды алып тастау керек болды. Өйткені шыға алмай қаласың бәрібір, амал жоқ. Бір-бірімізден демалайық дедік. Бір шетінен сол демалыста әндер жазайық дедік. Өйткені біз 1 өлең жазсақ ертесіне тарап кетіп жатыр. Ешқайда шығармай, студияда 1 альбом жазып тастасақ па деп жатырмыз.

bdf3117b3ddc8fd41634fe12c421103e_resize_w_1140_h_696

Өзім де 4-сыныптан кейін тақырлап алып көрмедім, өзіме де қызық болып тұр. Бірақ үйдегілердің бәрі қарсы. Сәкен жәйлап ол әңгімеден қашып жатыр. Миллион беремін, екі миллион беремін деген әңгімелер болып жатыр. Бірақ әлеуметтік желілерге бәрібір салмаймын. Тығылып жүремін, үйден шықпаймын», – дейді Мейрамбек Бесбаев.

Жіберіп алмаңыз:

«Музарт» тобының ізбасарлары алғашқы өнерлерін елбасының алдында көрсетті

Қыдырәлі Қарақаттың өз қолымен жемпір тоқып бергенін айтып мақтанды

Ернар Айдар Мейрамбек Бесбаевқа домбыра сыйлап, өлең арнады (видео)

Аяз атаға хат жазған Жәния Джуринская желі оқырмандарын күлкіге қарық қылды

Талқылау