Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаев: Бастықтарды ғана “күтетін” жағдайда жүрміз

Мейрамбек Бесбаев өз елінен қарағанда, шетелде демалғанды ұнататынын айтты. Әнші Қазақстанда әсем жерлердің көп екенін, алайда ондағы қызмет көрсету сапасының төмендігін алға тартты. Бұдан өзге, қызмет көрсетушілердің бастықтардың алдында зыр жүгіріп, қарапайым халықты қан қақсататынын айтып сынады.

20481823_1651293684911780_4603254400624885760_n

Бұл туралы Бесбаев Zhuldyz.tv арнасының «Сенбілік серуен» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

“Отбасыңмен, достарыңмен демалғанға ештеңе жетпейді ғой. Жазда мен міндетті түрде, шамам келгенше шетелге барып демалғанды жақсы көремін. Қазақстанда жақсы жерлер, керемет жерлер көп. Бурабайдан бастап Сарыағашымызды айтайық, Өскемендегі Қатон-Қарағайдың өзі не тұрады?! Әттең, біз ойлағандай баға емес. Мен өзімді айтып тұрған жоқпын, қарапайым халық ол жерде дамала алмайды.

Сосын бізде сервис өспеген. Ақтауда болсын… Удай бағаға анадай сервисте демалғанша, Түркияға барып, рахаттанып 10 күн шомылып келген жақсы. Басың да ауырмайды, ештеңеге жүйкеңді жұқартпай, қан қысымың көтерілмей, жақсы демалып келген жақсы. Өз елімізде қандай жерлеріміз бар, қалай сервисті көтереміз, мен әлі түсінбей жүрмін”, – дейді әнші.

Бұдан өзге, Бесбаев қызмет көрсетушілердің танымал тұлғалар мен бастықтарға жіті көңіл бөлетінін айтып қалды. Алайда қарапайым халыққа келгенде бәрі керісінше деп ашынды әнші.

“Өзім Қазақстанда демалып көрдім, тыныштық жоқ. Сосын мені танығаннан кейін бірдеңелерді жасап жатады. Бірақ басқа қарапайым халықтан сұраймын ғой… «Ой, құрысын», – дейді бәрі. Ылғи шағымданатындары осы. Тек бастықтарды ғана күтетін жағдайда жүрміз қазір. Әлі сол. Бастық келе ма, оның танысы келе ма, оны өлтіріп күтеміз. Аузы-мұрнынан шығарып, тіпті, ақшасын алмай кетеміз. “Ойбай, ұят. Бастық айтқан болмайды. Сіз төлесеңіз, ренжимін” деп шығарып салады біздің қазақтар. Ал қарапайым халыққа келгенде ондайды көрмедім”, – дейді Мейрамбек Бесбаев.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Шанхайда Дәулеткерейдің күйін орындап, домбырасын жанкүйеріне сыйлады (видео)

Дәулетбекқызы: Кертаев жобамды ұрлап, алдап кетті

Тәуекел: Әйелімді де, балаларымды да жасырмаймын

Майкл Джексонның әнін хормен айтқан Болмановтың ұлдары жұртты тәнті етті (видео)

Талқылау