Мейіржан Берекетов қазақ күресінен әлем чемпионы атанды
Үндістанда өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында Мейіржан Берекетов жеңімпаз атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үндістан астанасы Делиде өтетін бәсеке 26-27 ақпанға жоспарланған.
Жарыстың алғашқы күнінде 60 келі салмақта белдескен спортшы Мейіржан Берекетов қарсыласты қоғадай жапырып, финалға шықты. Алтын үшін таласта қазақстандық спортшы грузин балуанын жеңді.
Бұған дейін, Мейіржан Астанада өткен V Бүкіләлемдік көшпенділер ойынында чемпион атанған еді. Спортшы Солтүстік Қазақстан облысының тумасы.
Осылайша, Мейіржан Берекетов Қазақстан қоржынына әлем чемпионатындағы алғашқы алтын жүлдені салды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

