Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мeta компаниясы Трампқа әлеуметтік желідегі парақшаларын бұғаттағаны үшін 25 млн доллар төлейді

Meta компаниясы 2021 жылы 6 қаңтарында Капитолийге жасалған шабуылдан кейін Дональд Трамптың Facebook пен Instagram аккаунттарын бұғаттағаны үшін 25 миллион доллар төлеуге келісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Трамптың Twitter парақшасынан

Бұл қаражаттың 22 миллион доллары президенттік кітапхана қорына, қалғаны сот шығындарына жұмсалатын болады. 

Meta өз кінәсін мойындамайтынын мәлімдеген, бірақ осы келісім арқылы істі аяқтауға тырыспақ.

БАҚ соңғы уақытта Meta компаниясының басшысы Марк Цукерберг Трамппен қарым-қатынасын жақсартуға тырысып, өз компаниясын жаңа әкімшіліктің ықтимал қысымынан қорғауға әрекет жасап жатқанын жазады. Себебі Meta көптен бері Вашингтондағы консервативтік күштердің сынына ұшырап, олар компанияны демократтардың пайдасына бейтараптық танытады деп айыптап келеді.

Қараша айында Цукерберг Трамппен Флоридадағы Мар-а-Лагодағы үйінде кездесіп, өзара қарым-қатынас орнатуға тырысты. Дәл сол кездегі түскі ас барысында Трамп сот ісін тоқтатып, оны шешуге бағытталған келіссөздерді бастау ұсынысын айтты. Бұл ұсыныс екі айға созылған келіссөздердің бастамасы болды.

Талқылау