Мешітте танысқан: 29 жастағы "имам" 14 жастағы қызға үйленіп алды
Татарстанда 29 жастағы имам 14 жастағы қызға үйленгені үшін тұтқындалды. Сонымен қатар анасына қатысты да қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Telegram желісіндегі Mash арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Камиля өзінің болашақ күйеуі Расул Салиховпен өткен жылдың қараша айында мешітте танысқан. Расул имам болғандықтан, ол қызбен еркін сөйлесе алмапты. Сол кезде ол қыздың ата-анасының келісімімен некелерін қиған.
Артынша бұл туралы әлеуметтік қызметтегілер хабардар болды. Биылғы жылдың шілде айында Расулға қатысты қылмыстық іс қозғалып, кәмелетке толмаған қызға үйленгені үшін айыпталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Ал анасы қылмысқа әрекеттесті және балаларға қатыгездікпен қарады деп айыпталды.
Тағы оқыңыз:
Бір анадан туған егіз еркек пен әйел 6 бала сүйіп, оның екеуін буындырып өлтірген
Камиляның қорғаушысының сөзінше, неке қию рәсімі қыздың келісімімен жасалған. Оның пікірінше, заң бұл рәсімге тыйым салмайды. Тек төсек қатынасына түсуге тыйым салынады. Ал сараптама ерлі-зайыптының арасында жыныстық қатынас болмағанын көрсетті.
Артынша БАҚ-қа белгілі болғандай, Расул 2015 жылға дейін мешіт имамы болған. Алайда қазіргі уақытта ол бұл қызметті атқарып отырған жоқ. Татарстан мұсылмандарының діни басқармасындағылар Салиховтың мүлдем имам болмағанын тек мешітке барып жүргенін айтты.