"Мешітте намаз оқуға кедергі жасаған": Қызылорда облысында деструктивті діни ағым өклдеріне айыппұл салынды
Қызылорда облысында деструктивті діни ағымды ұстанатын үш азаматқа мешітте намаз оқуға кедергі жасағаны үшін айыппұл салынды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, деструктивті діни ағымды ұстанатын үш азамат, мешіт қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, діни қызметке кедергі жасаған.
“Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 2-бөлігімен "Заңды діни қызметке кедергі келтіру" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.
Сот қаулысымен олардың барлығы кінәлі деп танылып, әрқайсысына 120 750 теңге айыппұл салынды”,- делінген хабарламады.
"Разы болмаймын": Қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданды (видео)
Оқиға 16 шағынауданда орналасқан Несібелі тұрғын үй кешенінде болған
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"