Мешіт маңында жалаңаш билеп бейнебаян түсірген татар әншісі жұрт алдында ақталды (видео)
Татар әншісі Резеда Ганиуллина мешіт алдында жалаңаш билеп, бейнебаян түсіргені үшін мұсылмандар алдында кешірім сұрады.
Фото: www.newsoftheday.net
Әнші өз әрекеттерінен ешқандай ерсілікті көрмейтінін айтты.
«Егер бұл бейнебаян біреудің көңіліне қаяу түсірген болса, мен кешірім сұраймын. Бұл менің сахналық образым. Сондай-ақ менің шығармашылығыма құрметпен қарап, пікірі өзгермегендерге алғыс айтамын», – дейді Ганиуллина “ВКонтакте” желісінегі парақшасында.
Әнші өзінің де мұсылман екені, бес уақыт намаз оқитынын, өзгеге садақа беріп, көмек қолын созып жүретінін айтты.
«Ислам – бұл ең таза, мейірімділікке үндейтін дін», – дейді ол.
Әнші биін стриптиз емес өнер деп санайтынын жеткізді. Оның эстрадалық жанр екенін атап өтті.
Алайда, әншінің сөзі мұсылман қауымның көңілінен шықпады. Керісінше оған тағылған сын көбейіп кетті.
Көпшілік алдында алғаш болып әншіні айыптаған мешіт имамы Сейджагфар Лутфуллин оның бір тәулік ішінде бейнебаянды өшіруін талап еткен.
«Осы жасындағы әйел өзінің не істеп жүргенін ой елегінен өткізу керек. Өз салтына, дініне кұрметпен қарау керек. Бұл ешқандай да сахналық образ емес. Баяғыда сұлтандар алдында стриптизер қыздар денесін жалаңаштап, оның құмарлығын арттыру үшін осылай билейтін болған. Бұл содан қалған ойдан шығарылған образ», – дейді имам.
Әнші «Жаным» атты әніне түсірілген бейнебаяны үшін елдің сынына іліккен болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық бойжеткен өзін Бахрейнде сексуалдық күңдіктен құтқаруды сұрайды
Брэд Питтке қатысты балаларына аяусыз қарағаны үшін іс қозғалды
Әлішер Кәрімов соңғы рет 11 сыныпта ғашық болған
Той иелері Мақпал Жүнісованы тақырға отырғызып кетті