Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева: Ешкімге де тоқал болмаймын

Тоқал алу мәселесі біздің қоғамда қашан да өзекті. Бір үйдің отын жағып отырған келіншектердің құлағына бұл сөз түрпідей тиеді. Ал екінші жағынан, елімізде кәрі қыздар санының күн санап артуы алаңдатады. Осыны ойлаған кей азаматтар арулардың бағын жағып, демографияға үлес қоссуға ниетті, деп жазады Stan.kz.

Алайда тоқал болуға кез келген қыз келісе бермейді. Мәселен, Меруерт Түсіпбаева біреудің күйеуіне таласы жоқ екенін айтады. Себебі:

“46 жасымда мен біреудің тоқалы болып жатсам, ойбай-ай, ұят қой. Маған кеш, тым кеш”, – деді Түсіпбаева КТК арнасының “Инсталайық” бағдарламасына берген сұхбатында.

Әнші қазақ қоғамында оң босағада отырып қалған қыздардың не себепті көбейіп бара жатқанын түсіндірді.

“Біздің қазақты қыздары, барлығының басы бос. Бізде қазақ аз ғой, білесіздер. Еркектер аз, енді мен ойлап тапқан жаңалық емес. Шынында да аз. Қазақ жігіттерінің барлығы мықты емес, бос белбеулері де бар. Мықты қыздар оларға барғысы келмейді. Сол үшін кәрі қыздар өте көбейіп жатыр”, – дейді әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Нағыз өнер адамының жары: Достары Асылхан Төлеповтің жұбайын сипаттап берді (видео)

Иә, мен ұйғырмын: “Ринго” әншісі ештеңеге қарамастан қазақ тілінде сөйлеуге шақырды (видео)

51 жастағы Бекболат Тілеухан ұлды болды

Әпкеме жездем сай: Сивиді масқаралаған қара PR-дің авторы әншінің өз күйеуі болып шықты (видео)

Талқылау