Меруерт Түсіпбаева: Сүйіктім бар, бірақ тұрмысқа шығып өмірімді бұзғым келмейді
Меруерт Түсіпбаева өзіне Iphone-7 сынды қымбат сыйлықтар сыйлап, көңілін аулап жүрген сүйіктісі туралы айтып берді. Әнші тағдыр жолында кездестірген бұл азаматты бағалайтынын, алайда оған деген сезіміне сенімді емес екенін айтты.
Бұл туралы Hit-TV арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Әлеуметтік желіде тікелей эфирге шықсам маған: «Тұрмысқа қашан шығасыз?» – деп жиі сұрақ қояды. Мен тұрмысқа махаббатпен шыққым келеді. Мен оны сүйгім келеді. Ол да мені сүйсе деп ойлаймын. Ондай адам жоқ», – дейді әнші.
«Ешкімді сүймеймін» дегеніне қарамастан әнші бір азаматпен кездесіп жүргенін мойындады.
«Мен жалғыз емеспін. Бірақ өзімнің сезіміме сенімді емеспін. Дәл қазіргі өзімнің гармониялық үйлесімде сүріп жатқан өмірімді бұзғым келмейді», – деп түсіндірді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Меруерт Түсіпбаева келініне жағымпазданатын ене болатынын айтып, елді күлдірді
Аша Матай: Арман – Қазақстандағы мықтылардың мықтысы
Баян Мақсатқызы: Бізде әйелді ұру дәретханаға барып келгенмен тең
Әке тәрбиесі туралы ой бөліскен Қанат Айтбаев көпшіліктің жүрегін елжіретті