Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менің жауабым — "жоқ" деген сөз": Еуразиялық банк алаяқтармен күресуге көмектеседі 

Күн сайын қаржылық алаяқтар жаңа алдау тәсілдерін ойлап табуда. Олар адамдарды сендіре алады. Психологиялық әдістерді қолданады, қалайша қармаққа түсіруге болатынын, адамның осал тұстарын дөп басып табу арқылы, соны өз пайдаларына шешуге болатынын біледі. Олар біздің көңіл-күйімізге қарай әрекет етеді. Енді олар жасанды интеллект пен телефон нөмірлерін ауыстыруды белсенді қолданады. Нәтижесінде күн сайын қазақстандықтардың әйтеуір біреуі ақшасынан айрылады.

Оларды өз бетіңізше тоқтатудың бір ғана жолы бар. Кез келген қоңырауға, кез келген ұсынысқа, кез келген уәдеге, қорқытуға немесе тіпті қауіп төндіруге күмәнданып, телефонмен сөйлесуді "жоқ" деген нық жауаппен тоқтату. Өз клиенттерін қолдау мақсатында Еуразиялық банк өзінің "Менің жауабым — "жоқ" деген сөз" білім беру сиптындағы бейнероликтер сериясын іске қосады. Шығармашылық идеяның авторы — Movators комбинациялық агенттігі. 

Түсірілімге Тәуекел Мүсілім, Альмира Тұрсын және басқа да қазақстандық актерлер қатысты. Компанияның негізгі мақсаты — ақшаға қатысты күмәнданудың және сөзге сенбеудің жаңа әдетін қалыптастыру. Бейнероликтерде алаяқтардың ең көп таралған амалдары егжей-тегжейлі көрсетілген және негізгі хабарлама:

"Егер сізге, смс-тегі кодты хабарлау, ақша аудару немесе жеке деректерді беру өтінішімен қауіпсіздік қызметінен, күштік органдардан, курьерлік жеткізілімнен деп кез келген адам қоңырау шалса, күмәнданыңыз". 

Ляззат Сатиева, Еуразиялық банк басқармасының төрағасы: 

"Біз алаяқтардың кесірінен жинақ ақшасын жоғалтатын клиенттеріміздің оқиғаларын жиі кездестіреміз. Әрбір жағдайдың нәтижесінде жеке уайым-қайғы туындап, қаржы жүйесіне деген сенім жоғалады. Сондықтан да біз адамдарға алаяқтарға қарсы тұруға көмектесу үшін осы әлеуметтік жобаны іске қосуды ұйғардық. Күмәндану — сізді алаяқтардан қорғаудың жалғыз жолы. "Жоқ" деп айтудан қорықпаңыз. Бұл сіздің қауіпсіздігіңіз үшін ең күшті сөз".

Дмитрий Щеголихин, Movators байланыс агенттігінің бас продюсері:

"Біз әрбір қазақстандық азаматтың жадында сақтап алуы үшін роликтерде жарқын әрі қарапайым месседждерді әдейі қолдандық. Біздің мақсатымыз — адамдарды танымал алаяқтық схемаларға дұрыс жауап беруге үйрету. Біз рифмалық ұран мен қарапайым "жоқ" сөзі түсінікті болатынына және алаяқтар қорқытып, олардың дұрыстығына сендіруге тырысып баққан дүрбелең жағдайда да есте қалатынына сенімдіміз".

Тәуекел Мүсілім, актер, тележүргізуші және Еуразиялық банктің амбассадоры:

"Мен осындай маңызды жобаның бір бөлігі болғаныма қуаныштымын. Алаяқтық — бұл жасына қарамастан, кез келген адам кездесуі мүмкін нақты қауіп. Бір жолы менің өзім алаяқтардың қармағына түсе жаздадым. Мен жарнамалық сайт арқылы техниканы саттым, ал сатып алушы маған қоңырау шалды. Ол карта нөмірін хабарлауды өтінді, содан кейін маған SMS-код келді, ол маған сол кодты айтуымды талап етті. Бұл сөз күмән туғызды, мен әрқашан және барлық жерде ешқашан және ешкімге SMS-кодты бермеу туралы сөз қозғалатынын есіме түсірдім. Мен одан бас тартып, ақшаны карта нөмірі арқылы аударуға болатынын түсіндірдім. Жауап ретінде әңгімелесуші не істерін білмей, телефонды тастай салды. Бұл жағдай мұқият болмасаңыз, тұзаққа түсудің қаншалықты оңай екенін анық көрсетті. Егер менің сақтығым болмаса, мен ақша жоғалтуым мүмкін еді. Сондықтан мұндай бейнероликтер маңызды рөл атқарады, сонымен қатар қырағы болу және осыған ұқсас жағдайларда дер кезінде "жоқ" деп айта білу қаншалықты маңызды екенін еске салады".

Бейнежазбалар Еуразиялық банктің ресми сайтында және басқа платформаларында қолжетімді.

Талқылау