“Менің ұлыма сыйға тартқан умра маған бұйырыпты”: Қақпашы Шерхан Қалмұрзаның анасы қажылыққа атанды
Фото:Stan.kz collage
“Қайраттың” жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның анасы Сауле Рабаева қажылыққа атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
18 жастағы Шерхан Қалмұрза Чемпиондар лигасында “Спортинг” пен “Реал Мадридтке” қарсы ойында алаңға шығып, “Қайраттың” қақпасын қорғаған еді.
Осыдан кейін ол бірден жанкүйерлердің ыстық-ықыласына бөленіп, желі жұлдызына айналды.
Сондай-ақ Алматыдағы тойлардың бірінде Шерхан мен анасына қажылыққа жолдама сыйлағаны белгілі болған. Ал анасы өзінің инстаграм парақшасында қажылықтағы әсерлі сурет, видеоларымен бөлісті. Бұған қоса ол инстаграм парақшасында ерекше жазба жариялап, алғысын білдірді.
“Менің ұлыма сыйға тартқан Умра маған бұйырыпты. Шынайы ниетіңізге рақмет!”, — деді Шерханның анасы.
Айта кетейік, Шерхан Қалмұрзаға алматыдағы тарихи ойын “Реал Мадридпен” матчтан кейін жеке кәсіпкер Ұлықбек Шарипов оған заманауи Exeed маркалы көлігін тарту етсе, ал Ғылым және жоғары білім министрлігі дарынды спортшыға білім грантын табыстаған.

