"Менің президентім - Путин": Петропавл тұрғындарының желіде айтқан сөздері ҰҚК-ның назарына ілікті
Владимир Путинді өз президентім деп атаған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті айналысып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазТаг сайтына сілтеме жасап.

"Бұл ақпарат Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК-не жіберілді", - делінген облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратта.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Петропавлда тұратын 18-ге толмаған екі қыздың видеосы тараған.
- "Бұл жерге де, қазақ халқына да рақымсыз қатынас жасауға болмайды": Максим Рожин елімізге қоныс аударғандарға жазба арнап, қазақстандықтарды толқытты
- "Біз, мұсылмандар, әрқашан бейбітшілікті үндейміз": Мобилизациядан қашқан Қырым татарлары Қазақстандағы Украина елшілігінің алдына жиналды
Олар Петропавлды ежелден орыстың жері екенін айтады. Сондай-ақ қыздардан сайлауда кімге дауыс беретіні сұрағанда, олар Тоқаев үшін емес Путин үшін дауыс беретіндерін жеткізген.
Сондай-ақ, қыздардың бейнежазбада айтқан сөзінше, олардың достары – қазақстандықтар Ресей жағында Украинаға қарсы соғысып жатыр.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды