Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менің бағым шапты": Жарқынай Ханайым өзін сынағандарға жауап берді

Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал актриса, әнші Жарқынай Ханайым атақ алғаны үшін сынағандарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі жақында “Еңбек сіңірген қайраткері” атағын алған еді. 

“Күшті көңіл-күйімді қолдана отыра соңғы оқиғаларға байланысты мені қолдаған оқырмандарыма алғысымды білдіргім келеді. Әңгіме айтқан сайын көбейе береді, сөз қуалаған сөздің түбіне жетпейді. Бақ шаба ма, бап шаба ма дейді. Осы жолы менің бағым шапқаны үшін мен біреудің алдында ақталуым тиісті емес деп ойлаймын. Себебі барлық жер бетіндегі оқиға Құдайдың қалауымен болады. Жапырақ та оның қалауынсыз жерге түспейді. Ол үшін мен ақталуым керек деп ойламаймын. Тек жақсы нәрселерге көңіл бөлуге ниеттімін. Сіздерге де соны тілеймін", – деді әнші. 


  • "Мейрамбек пен Сәкенге бұйырмағаннан дәмеленбе": Атақ алмадым деп ренжіген Amre оқырман сынына жауап берді

  • "27 жыл бойы өнерге қызмет еттім": Дастан Оразбеков мемлекеттік сыйлық алған әріптестеріне қатысты ойын бөлісті


Айта кетейік, әнші Әлішер Каримов пен Жарқынай Ханайымның атақ алғаны көпшіліктің ашуын туғызған еді. 

“Айқайлағанның бәрі атақ алды”, “Өнеріне сөзім жоқ, бірақ мұндай марапатқа лайықсыз”, “Қай әні үшін берілді екен?! Ешқандай әнін білмейміз”, “Қазақ әнінің қара нарлары қайда қалған?!”, “Баянның келіні де “қайраткер” атанды”, “Атақты танымал адамдарға бермей ме?!”– деп жазды көпшілік.  

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 26 Мамыр, 2025 09:32
Талқылау