Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Менің арыстаным: Әйгерім Қалаубаева ер жеткен ұлын көрсетті (видео)

Әйгерім Қалаубаева ер жеткен ұлын көрсетті. Әнші араға бірнеше уақыт салып, ел қорғайтын азаматын көпке таныстырды. Желідегі оқырманы ұлының ер жеткенін айтып, таңғалысып жатыр. 

“Мына отырған арыстан кім? Менің жолбарысым ғой. Елін, жерін сүйетін, қорғайтын азаматым өсіп келе жатыр, ИнщАлла”, – деп жазды Қалаубаева желіде. 

Одан бөлек жұма күніне орай көпшілікке ақ тілегін жаудырды. 

“Ең ақылды адам – жақсылық жасап, қабыл болмай қалуынан қорқатын жан.
Ең ақымақ адам - жамандық жасап, Құдайдың жазасынан аманмын деп жүрген кісі. Жұма мүбәрак болсын, жақсыларым! Ниеттер мен дұғалар қабыл болсын!!! Жақсылық жасаудан жалықпайық!”, – деп жазды әнші. 

Өнердегі әріптестері мен желідегі оқырманы ұлының ер жеткенін айтып, таңғалысып жатыр. 

“Үлкен жігіт болыпты ғой, тіл-көзім тасқа”, – деп жазды Жазира Байырбекова. 

“Әдемі жігіт болып өсіпті, тіл-көзден аман болсын”, “Көп уақыт өткен бе. Өзіңіз сол күйі жассыз. Біраз өсіп кетіпті. Алла амандық берсін. Қызыңызды көрсетіңізші”, “Ұлыңның бар екенін естімептім. Күшті. Аман болсын”, “Мықты бір азамат болып, өзіңе қамқор болып аман-есен өсе берсін”, “Дені сау, елдің азаматы болып өсе берсін”.

“Өзіңіз жап-жассыз, ұлыңыз қасыңызда бауырыңыз сияқты”, “Жаным сол, тіл-көзден сақтасын. Елін, жерін Отанын қорғайтын үлкен ер азамат болсын. Бақытты отбасы болыңдар, жандарым”, “Алла зор денсаулық беріп, балапандарымыз аман болсын”, “Кеше ғана Кентауда газет бетіне биші Айкерім деп шығып жүретін қыздың ұлы осындай үлкен жігіт болып кеткені ме? Аман болсын”, деп жазды желі қолданушылары.


Талқылау