Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен қалай осал болайын": Әйгерім Қалаубаева асабалықты қолға алғанын айтты

Әйгерім Қалаубаева асабалық қызметі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап.

Соңғы кездері нәпақасын той бизнестен тауып жүрген Әйгерім Қалаубаева күн сайын шеберлігін шыңдап, асабалық қызметке үйреніп келе жатқанын жасырмады. Той жүргізіп, салтанатты шараның көркін кіргізіп жүрген әнші ұстаздарын айтып мақтанды. Қалаубаеваның айтуынша асабалыққа өнердегі достары қызықтырып, бағыт-бағдар берген.

"Шыны керек, той біреудің аманаты болған соң үлкен жауапкершілікті талап етеді. Кештің жақсы өтуі жауапкершілікке байланысты. Сондықтан, той жүргізуге алғаш қадам жасағанда қиындықтар болды. Алайда, өнердегі достарым той жүргізушілікке өздері қызықтырды. Нұрлан Әлімжанов, Нұрхан Қадырбаев, Мирас ағам. Сол кісілердің мені ертіп жүргені көп көмегін тигізді.  Сондай ұстаздарым барда, мен қалай осал боламын. Осы күнге дейін ешкім теріс пікір білдірген жоқ", - дейді Әйгерім Қалаубаева.

Асабалыққа енді қадам басып келе жатқан Әйгерім Қалаубаева тойыңызды жүргізсін десеңіз 800 мың теңгеңізді дайындап қойыңыз. Бірақ, әнші тойды жалғыз өзі басқармайтынын ескере жүріңіз. Әнші той жүргізу барысында ер адамға дем беріп тұрамын дейді ол.

 

Талқылау