Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ертегі құрастырып жүр": Танымал блогер Зарина Сапардың экс-күйеуі айыптауға жауап берді

Фото: Stan.kz

“Қалаулым” арқылы танылған блогер Зарина Сапардың тұрмыста көрген қорлығын экс-жолдасы, журналист Айдос Игіліков жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуі ұрып, жүкті кезінде қорлық көрсеткенін айтқан еді. Алайда экс-жолдасы мұны Stan.kz тілшісіне растаған жоқ.

“Отбасы болғасын кикілжің болатыны рас. Ауылда 3 күн, Алматыда бірге 2 апта тұрдық. Қазір отбасылы адаммын. Қос ұлым бар. 6 жылдан бері аптасы немесе айына бір хикаялар ойлап табады. Статистикасы түссе, мен жайлы ертегілер құрастырады. Қосановқа сенгендей, көпшілік сенеді. Менен басқа жұмысы жоқ. Негізі ол кісіге жақындарынан психологиялық қолдау қажет”, – деді журналист.



Одан кейін блогер босаға аттағаннан кейін, енесінің пәктігін тексергенін де жайып салды.

“Мен ол үйге таза болып бардым. Сол кезде мені алып қашып кеткен соң оңтүстік жақтағы Степной деген ауылында таза екенімді көру үшін төсегімді тексерді. Бастапқыда намыстанып едім, енем келіп "жарайсың" дегенде абырой болып көрінді. Қазір ойласам біреудің төсегін тексеру – ақымақтық қой”, – деген еді блогер. 

Желі жұлдызының бұрынғы жолдасы ата-анасын қаралаған экс-әйеліне жауап берді.

“Беті аулақ. Құдай сақтасын. Ата-анам өте момын адамдар”, – деді Айдос Игіліков. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 19 Маусым, 2025 12:59
Талқылау