"Мен Ванга емеспін": Энергетика министрі мараторий біткеннен кейінгі жанармай бағасының өсуіне қатысты

Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов мәжіліс кулуарында мораторий мерзімі аяқталғаннан кейінгі жанармай бағасына қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжіліс мемлекеттік мораторий 31 наурызға дейін жалғасатынын еске салды. Оның айтуынша, әрі қарайғы баға қалыптасуы нарықтық жағдайларға байланысты болады, ал нақты цифрларды қазір болжау мүмкін емес.
“Кешіріңіз, менің болжам айтуға құқым жоқ, өйткені мен Ванга емеспін. Бірақ нақты айта аламын: дәл қазір мораторий өз күшінде. Ол енгізілген кезде біз ерікті шешіммен бағаның өсуін тоқтатып, іс жүзінде нарықтық тетіктерді уақытша тоқтаттық”, – деді Ақкенженов.
Министр 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап министрліктің жанармай нарығын реттеумен айналыспайтынын алға тартты. Егер мемлекет әрі қарай да араласудан бас тартса, баға сұраныс пен ұсынысқа қарай қалыптасады.
“Егер 31 наурыздан кейін Үкімет жанармай құю бекеттерінің қызметіне араласпайды деген шешім қабылданса, онда ішкі сұраныс пен ішкі ұсыныс баға қалыптастыру шарттарын айқындайды”, – деп түсіндірді энергетика министрі.
Сонымен қатар Ерлан Ақкенженов Энергетика министрлігі жанармай бағасын әкімшілік жолмен жоспарлы түрде көтеруді көздемейтінін айтты.
“Сіздер министрлік бағаны жоспарлы түрде көтереді дегенді естігіңіз келеді. Бірақ біз бір жылға жуық уақыттан бері нарықты реттемейміз. Егер баға өзгерсе, ол экономиканың қазіргі жағдайын көрсетеді”, – деді министр.
Жанармай бағасының күрт өсуі және мораторийді ұзарту мүмкіндігі туралы қойылған сұраққа ведомство басшысы нақты жауап берді.
“Біз бағаның күрт өсуіне жол бермейміз”, – деді Ерлан Ақкенжанов.
Еске салайық, Үкімет шешімі бойынша 2025 жылғы 16 қазаннан бастап Қазақстанда инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізілген еді. Сол кезде Премьер-министр Энергетика министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп бақылауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ ішкі нарықты жанар-жағармаймен үздіксіз қамту бойынша шаралар қабылдауды тапсырған.