Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен үшін күтпеген жағдай": Отандық кәсіпкер әнші Amre-ге көлік мінгізді

Amre-ге көлік сыйладыФото: instagram.com/amre_official/

Көпшілікке Amre лақап атымен танымал қазақстандық әнші Ернар Садырбаевқа отандық кәсіпкер көлік мінгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол жазбасында күтпеген жерден темір тұлпарға ие болғанын айтып, өзін қуантқан жанға алғыс білдірді.

“Бүгін ойламаған жерден жаңа көліктің иесі болдым.
Кеңес ағам маған үлкен сыйлық жасап, шетелдік байқауларымды тамашалап жүргенін айтты. Өнер жолымды қолдау ретінде маған көлік сыйлады. Мен үшін күтпеген жағдай, рақмет аға”, – деп жазды ол.


2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды


Айта кетейік, бұған дейін Министр Аида Балаева халықаралық байқауда жеңіліп қалған Amre-ге қолдау білдіргені хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 09 Ақпан, 2026 10:31