"Мен сенің әжеңмен бірдеймін" деймін": Өз жасынан әлдеқайда жас көрінетін әйел жігіттердің назарынан шаршағанын айтты

Фото: Davey Tyler/ SWNS
Лондон тұрғыны Элизабет Янг өзінен әлдеқайда жас ер адамдардың оған көңіл білдіретініне шамданып, енді клубтарға бармайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Metro басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
60 жастағы Янгтың айтуынша, адамдар оны көбіне 40 жас шамасында деп ойлайды. Ол бұрыннан көңіл көтеріп, қыдырғанды жақсы көретінін айтты. 1980 жылдардан бастап ол үнемі клубтарға жалғыз баратын, бірақ қазір бұл ойынан бас тартты.
Ол өз жасынан әлдеқайда жас көрінетіндіктен, ер адамдар оған жиі жақындайды екен. Янг өткен демалыс күндері 11 ер адам танысқысы келгенін, олардың барлығы өзінен жас екенін айтады.
Тіпті назар аудармас үшін Янг қарапайым киінуге мәжбүр болғанын айтады. Дегенмен бұл да көмектеспеді дейді. Кездесуге шақырған жігіттерге ол “мен сенің әжеңмен жастымын” деген.
Янгтың жас болып қалуының құпиясы – аптасына жеті рет спортзалға бару. Ол спортзалдан таңғы сағат төртте үйге оралса да, күнделікті тәртібін сақтайтынын және сегізге дейін жаттығу жасайтынын айтты.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты