"Мен ойланайын": Отбасылы актер жігіт Ақбота Сейтмағамбетке ұсыныс жасап, сақина тақты (видео)
Ақбота Сейтмағамбет пен Шерхан Пірназар отандық бағдарламалардың бірінде жүргізушілік қызметке кірісіп, әріптес атанды. Алайда әріптесі тікелей эфирде әншіге көңілін білдіріп, сақина тақты.
Бұл сәттің видеосы желіде тез тарады.
Ақбота мен Шерхан Пірназар таңғы эфирді тізгіндеді. Тікелей эфирде гүл шоғы мен жүрегін ұсынған тележүргізуші әншінің таңғалдырды. Оған деген сезімін білдіріп, сақинасын ұсынды. Бұл сәт көрермендердің көз алдында өтті.
“Шынымды айтсам, мен бұндай ұсыныс күткен жоқпын. Сен әзілдеп тұрған шығарсың. Пранк болса, менімен олай ойнама. Мен алдандым. Не айтарымды да білмей тұрмын. Мен сенің не ойлағаныңды білмеймін. Саған мен секілді әйелдің не керегі бар? Мен ойланайын. Сен мен үшін жақсы доссың, әріптессің. Сөзімді жерге тастамайсың. Бірақ бұлай ұсыныс айтады деп ойламадым. Сондықтан не айтарымды білмеймін“, – деді әнші.
Ақбота жігіттің берген сақинасын өзі тағып алды. Алайда нақты жауап айтқан жоқ. Желідегі оқырман мұның кезекті хайп екенін топшыласа, енді бірі бақыт тіледі.
Әнші желіде әлі де ойланатынын айтып, көпшіліктің толғандырып қойды.
“Мен үшін күтпеген жайт болды. Әлі ойланамын. Оңай нәрсе емес”, - деді ол желіде.
“Әр адам бақытты болуға лайық”, “Шерханның отбасы бар емес пе?“, “Бұл хайп қой, қазір солай ел назарын аударғысы келеді”, “Ақбота шын білмейтін секілді ешнәрсе”, “Жігіттің әрекеті шынайы емес, сөзі де, ешқандай сезім көріп тұрған жоқпын“, “Екеуі жақсы жарасады, бақытты болсын, жақсы отбасы болатын шығар”, “Бір әртіс дұрыс болмаса, басқасы не керек?“, – деді олар.