Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен оның тоқалымын": Мақпал Исабекова күйеуіне қатысты сұраққа жауап берді

Танымал әнші Мақпал Исабекова жеке өміріне қатысты сұраққа жауап беріп, оқырмандарымен сырласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Оқырмандардың дені әншінің күйеуіне қатысты сұрақтар қойған. 

 "Неліктен күйеуіңізді көрсетпейсіз? Ол қарсы ма? Әлде ол сіздің күйеуіңіз емес пе?" деген сұраққа өнер иесі кеңінен тоқталды. 

"Ол менің күйеуім емес. Ол үйленбеген. Ол ұсқынсыз. Ол бандит. Мен оның тоқалымын. Нұсқа көп, өзіңізге ұнайтынын таңдаңыз. Маған бәрібір", – деп әзілдеді әнші.

Айта кетейік, өнер иесі жақында сахнаға шығатынын айтты. 

“Құдай қаласа, менде керемет жоспар бар”, – деді Мақпал. 



Еске салайық, эстрада жұлдызы жеке өміріне қатысты сұрағандарға ашуланғанын жазған едік. 

“Шыдамның де шегі бар. Менің жеке шегарамнан өтіп, сұрамасам да ақыл-кеңесін айта беретіндерге таңғаламын. Жеке өмірім мен отбасымды талқылауға жол бермеймін. Мұндай жағдайда мен дөрекілік танытып, қатыгез боламын. Өз басым біреудің жеке өміріне араласпаймын, маған ол қызық та емес. Сол себепті біреудің менің өміріме қол сұғуына жол бермеймін. Әркім өз өмірін өзі сүрсін. Негізі жүрегім жұмсақ, бірақ қажет болса, мен де қатыгез бола аламын. Қысқасы сізден ақыл-кеңес сұрамаса, онда үнсіз қалғаныңыз жөн", – деген еді өнер иесі. 

Талқылау