"Мен құбыжық болдым": Ер адам 8 айлық ұлын анасының көз алдында көлікпен басып өлтірді

Америкалық ер адам 8 айлық ұлын жолға лақтырып, оны көлікпен басып өткені үшін 30 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025 жылғы 25 қаңтарда таңертең Флорида штатының 21 жастағы тұрғыны Джастин Голден көлікпен сүйіктісі және олардың 8 айлық ұлы Пабломен бірге келе жатқан. Бағдаршам тұсында ата-ана арасында балаларға арналған сулық пен ақшаға байланысты жанжал шыққан.
Ашуға булыққан Голден сәбиді көліктен алып шығып, жолға лақтырып жіберген. Кейін рөлге отырып, қозғалысты бастап, өз ұлын көлікпен басып өткен. Жедел-жәрдем қызметкерлері Паблоны ауруханаға жеткізгенімен, оны аман алып қала алмады. Әкесі қашып кетпек болып, артынша қолға түскен.
19 желтоқсанда өңірлік сотта ол өз кінәсін в мойындап, істеген ісі үшін өкінетінінін айтып, жазаны лайық санайтынын жеткізді. Паблоның анасы сот отырысына қатысқан жоқ.
“Мен құбыжық болдым, <…>. Әке ретінде өз міндетімді атқара алмадым”, – деді Голден судьяға.
Ониң туыстары бұл оқиғаны қайғылы қателік деп атап, соттан жеңілдік сұрағанымен, ер адам 30 жылға түрмеге қамалды.
Айта кетейік, бұған дейін Африка елдерінде жыныстық қатынастан бас тарту қылмыстық әрекетке теңестірілгені хабарланған еді.