"Мен қылмыскер емеспін": Бақытгүл Хаменова соттан өзін ақтауды сұрады
Бүгін, 14 қарашада, Атырау қалалық №2 сотында облыс әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменова өзінің соңғы сөзін айтты. Хаменова өз сөзінде тергеуге көңілі толмайтынын айтып, кінәсіз екенін мәлімдеп, өзін ақтауды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Хаменова соңғы сөзінде соттың басталғанынан бері 11 ай өткенін, сондықтан қылмыстық оқиға жеткілікті түрде толық және терең тергелді деп санайтынын атап өтті. Сөзінің басында ол оның ісін Антикор қызметкерлері толығымен ойдан шығарғанын сол себепті өзінің кінәсіз екенін айтты.
Бақытгүл Хаменова сотталушылар – облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев пен "Балқыту" ЖШС директоры Өміртай Адамовтың кінәсін олардың ешқайсысы дауламайтынын жеткізді.
"Олар ешнәрсені жасырмай, жасаған қылмыстарын айтып берді. Біз олардың қылмысы туралы айтқандарын шындық деуге құқылымыз. Бұл шындыққа қол жеткізуді айтарлықтай жеңілдетеді. Кінәмді мойындап, өзім жайлы айта келе, менің бұл іске қатысым бастапқыда болмағаны белгілі болды. мемлекеттік айыптаушы мұны көрмей ме, әлде өзінің қылмыстық әрекетсіздігін мойындағысы келмей ме, мүлдем кереғар пікірді айтып отыр", – деді Хаменова сотта.
Хаменова сонымен қатар қазір азаматтардың көпшілігі қазақстандық сотқа сенбейтінін атап өткен. Өзінің ісін сөзіне дәйек еткен ол бұл жағдайдың сенуге болмайтынын көрсеткенін айтқан.
- "Елбасын жақсы көремін": Бақытгүл Хаменова сот отырысында көз жасына ерік беріп, жіберген қателігін айтты
- "Антикордың нұсқауымен әрекет еттім": Ақылбек Рысқалиев Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
"Өйткені бұл іске қатысы бар анықтаушылар, тергеушілер, прокурорлар заң мүддесіне опасыздық жасап, маған ойдан шығарылған айыпты ашық қолдап отыр. Сот та осы жолмен кете беретін болса еліміздің, балаларымыздың жарқын да баянды болашағына сеніміміз өшеді. Себебі осындай жағдайда заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мемлекет құру ұрандарының жалған екенін көруге болады", – дейді айыпталушы.
Сөзінің соңында Хаменова өзін ақтауды және әділ үкім шығаруды сұрады.
"Маған тағылған айыпты алып тастап, бұрын жариялаған жеке шешімді шығаруыңызды сұраймын. Мен қылмыскер емеспін, сондықтан өз кінәсіздігімді дәлелдеу үшін соңына дейін барамын", – деп қорытындылады
ол.
Сондай-ақ сотта соңғы сөздерін сотталушылар облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев пен "Балқыту" ЖШС директоры Өміртай Адамов айтты.
Үкім 15 қарашада шығады.
Бұған дейін прокурор Хаменованы жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Экс-шенеунік пен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырауда Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу келісімін жасасу үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.