"Мен де мінген едім": Балжан Бидаш Нью-Йорктегі тікұшақ апатына қатысты пікір білдірді
Танымал әнші Балжан Бидаш Нью-Йорктегі тікұшақ апатынан аман қалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Өнер иесі Америка еліне саяхаттап кеткен еді. Әлеуметтік желідегі парақшасында Нью-Йорктегі тікұшақ апатының видеосын жариялады.
“Мен де мінген тікұшақтың бірі құлады. Бір отбасы кетті. Жүрегім-ай” деп жазды эстрада жұлдызы.
Сондай-ақ өнер иесі алаңдап жатқан тыңдарман қауымға алғыс білдіріп, дін-аман екенін айтты.
“Маған тоқтаусыз осы видеоларды оқырмандарым жіберіп жатыр. “Амансыз ба” деп жазып, уайымдап жатқан жандарға рақмет. Құдай аяқ асты келетін апаттан сақтасын”, – деп жазған әнші.
Еске салайық, Нью-Йоркте туристік тікұшақ апатқа ұшырап, Siemens Испания компаниясының басшысы мен отбасы қаза тапқан еді.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі