"Мен әрдайым қасыңдамын": Жансая Әбдімәлік күйеуінің туған күнінде әсерлі жазба жариялады
Танымал шахматшы, спортшы Жансая Әбдімәлік күйеуіне арнап жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
25 жастағы Жансая өмірлік серігін туған күнімен құттықтады.
“Әлемдегі ең бақытты жан бол! Ал мен әрдайым қасыңдамын! Сүйемін, сүйемін", – деп жүрекжарды жазба қалдырды шахматшы.
-
Неміс шахматшысы Жансая Әбдімәлікті қолдап, Нью-Делидегі сайысқа қатысудан бас тартты
-
"Спортпен қош айтысып, күйеуге шықсын": Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікті сынға алды
Айта кетейік, 2023 жылдың сәуір айында тұрмысқа шыққан еді.
“Мәңгілік мендіксің, мәнгілік сендікпін”, – деп жазды Жансая Әбдімәлік.
Танымал спортшы "Қазақмыс" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Нұрахмет Нұриевпен бас қосқан. Жансая Әбдімәлік пен күйеуі Нұрахмет Нұриевтің арасында 11 жас айырмашылығы бар.
Талқылау