“14 жыл балалар үйінде өскенмін”: Шәріп Серіктің айтары бар
Шакенти ретінде белгілі актер Серік Шәріптің киноқоржыны тағы бір телехикаямен толықпақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы актер "Жаңа түнгі студияда Нұрлан Қоянбаевпен” тележобасында ашып айтты.

Студияда шашы жоқ Шәріп Серікті көрген кезде бағдарлама жүргізушілері таңғалды. Шәкенти өзінің кезекті кинотүсірілімі үшін шашын толықтай алып тастағанын түсіндірді.
“Жаңа жобаға түсіп жатқандықтан шашымды алып тастадым. Көктемде көрерменге ұсынылатын “Қарға” деген телехикаяда басты рөлді сомдаймын. Жетім балалар туралы драма жанрындағы керемет туынды болмақ”, – дейді актер.
Бірақ, бұл телехикая отандық телеарналардан емес, YouTube платформасы арқылы көрсетіледі екен.
Драма бағытындағы бұл телехикаядағы актер сомдайтын кейіпкердің тағдыры оңай емес екен.
“Ол жерде мен 14 жыл балалар үйінде өсіп, 10 жыл түрмеде отырамын. Содан кейінгі өмірді көрсетеді” , – дейді актер жігіт.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі