Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік органдар бюджет қаржысын енді өз қалауынша жұмсай алады

Қаржы министрлігі бюджетті бөлу бойынша жаңа ережелер енгізуді жоспарлап отыр. Енді мемлекеттік органдар мен әкімдіктер бюджеттен бөлінген қаражатты қайда жұмсаса да өздері шешеді. Бірақ алдын ала белгіленген сома шегінде болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Блоктық қаржыландырудың пилоттық жобасы – бюджеттік қаражатты қалыптастыру мен пайдаланудың ерекше тәсілі. Жобаның қаулысы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Бұл мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдіктерге дербестік беретін бюджет басқарудың икемді жүйесі. Оның негізгі қағидаттары мыналар:

  • Үш жылға алдын ала бекітілген бюджеттік лимиттер белгіленеді;

  • Мемлекеттік органдар бөлінген қаражатты қалай жұмсау керектігін өздері шешеді, бастысы – жалпы лимит шегінде қалу.

Жоба әзірлеушілерінің ойынша, блоктық қаржыландыру басшылардың нәтижеге және қаражатты тиімді пайдалануда жауапкершілігін арттырады.

Жаңа жүйе бюджеттік шығындар бойынша шешім қабылдау процесін жеңілдетіп, жеделдетуі тиіс. Қазіргі кезде әрбір қаражатты қайта бөлу үшін бөлек келісімдер қажет. Ал жаңа жүйе мемлекеттік органдарға ресурстарды қажетті жерге тез бағыттауға мүмкіндік береді.



Пилоттық жоба 2027 жылдың соңына дейін жалғасады. Осыдан кейін қаржы министрлігі оның нәтижелерін жан-жақты талдайды. Атап айтқанда, қандай артықшылықтар, кемшіліктері болды, іске асыруға не ыөпал етті, қанша қаражат жұмсалды және үнемдеуге немесе қосымша табыс табуға мүмкіндік болды ма сынды сұрақтарға жауап іздейді.

Талқылау