Мемлекеттік мекемедегі қатар тұрған екі унитаз желі қолданушыларын ашуландырды (фото)
Әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығындағы қатар тұрған қол жуғыш пен унитаз көпшіліктің наразылығын туындатты.
Суреттерді Нұрлан Жанай Фейсбукте жариялаған.
Онда Наурызбай ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығындағы сантехникалық өрескел қателіктер көрініс тауыпты.
“Не әйнек, не сабын, не дәретxана қағазы жоқ. Тоқтың сымдары ашылып жатыр. Бұл дәретxана кімдерге арналған жалпы?!” – деп жазады ол.
Ал қатар тұрған қос унитаз адамдардың тіпті күлкісін келтірген.
“Кезінде Сочидегі Қысқы Олимпиададағы осындай унитазға күліп едік, өзіміздің Наурызбай ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында да тұр ғой”, – деп жазады автор.
Тағы да оқыңыз:
Шынымен қазақтар қысым көріп отыр ма?: Депутат Сағынтаевтан Қытайдағы қандастардың жағдайын сұрады
Қарағанды облысында иті иесіне адамның бас сүйегін тауып әкелген
Алматыдағы ХҚКО тұрғындар туралы мәліметті өзгелерге заңсыз таратқан