Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер комитеті бірыңғай жиынтық төлемінің мерзімі неліктен аяқталатынын түсіндірді

Мемлекеттік кірістер комитеті бірыңғай жиынтық төлемнің қолданылу мерзімі аяқталуға жақын екенін мәлімдеді. Сондықтан комитет өкілдері 2024 жылдан бастап аталмыш төлемді төлеушілердің не істеуге болатынын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

теңге

Комитет мәліметінше бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бастапқыда 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) уақытша енгізілген. Бұл төлемді жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, егер олар тек жеке тұлғаларға қызмет көрсетсе және олардың жылдық табысының сомасы 4 миллион теңгеден аспаса төлей алатын.

“БЖТ енгізудің негізгі және жалғыз мақсаты - өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелеріне тарту. Сондықтан бұл төлемдері төмен жеңілдік кезеңі болды. Бұл кезең аяқталады. Қазір, өздеріңіз білетіндей, жеке тұлғалардың табыстарын декларациялау кезең-кезеңімен енгізілуде, онда табыстардың мөлшерін көрсету қажет. Бұрын кәсіпкерлік қызметті тіркемеген азаматтар енді кәсіпкер ретінде тіркеліп немесе жалдамалы қызметкер болып жұмыс жасауы керек. Таңдауы өз еркінде. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда тиісті салық режимін таңдайды”, – делінген хабарламада. 

Комитет өкілдері жеке қызметтерді көрсету кезінде "e-Salyq Business" мобильді қосымшасын пайдаланылатын салық режимі ең тиімдісі екенін атап өтті. Ол чек беруге мүмкіндік береді, сондай-ақ азаматтың орнына салықтар мен төлемдерді есептеп, декларация ұсынылмайды екен. 

“Бюджеттің төлемі алынған кірістен 1% құрайды, бұл - жеке табыс салығының ставкасы. Жеңілдікті санаттарға жатпайтын кәсіпкердің әлеуметтік төлемдерінің ең төменгі сомасы 14 350 теңгені құрайды. Бұл кәсіпкердің пайдасына жасалатын төлемдер. Міндетті зейнетақы жарналары, олар бұл жағдайда 7 000 теңгені құрайды, кәсіпкердің БЖЗҚ-дағы жеке шотына аударылады және оның зейнетақы жинақтарын қалыптастырады. Әлеуметтік аударымдар 2450 теңгеге тең, олар әрбір тұлға бойынша дербес ескеріледі және әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындайды. Мысалы, декреттік демалысқа шыққанда. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар - 4900 теңге. Бұл қажет болған жағдайда медициналық мекемелерге кедергісіз жүгіну мүмкіндігі үшін төлем болмақ”, – деп қосты комитет өкілдері. 

2023 жылы интернет-платформаларды пайдаланып қызмет көрсететін тұлғалар үшін салық міндеттемелерін орындауды жеңілдету мақсатында "Платформалық жұмыспен қамту" пилоттық жобасы іске асырылып жатыр екен. Жоба шеңберінде жеке кәсіпкер үшін салықтарды ұстап қалуды және төлеуді интернет-платформа жүргізеді. 

Талқылау