Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекетке қайтарылған қаржыға Ақмола мен Түркістан облыстарында спорт және музыка мектебі салынады

Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мемлекетке қайтарылған ақшаға Ақмола мен Түркістан облысына әлеуметтік нысандар салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

мектеп

Фото: depositphotos.com

Ақмола облысы Зеренді ауылында жалпы құны 2,1 миллиард теңгелік спорт кешенінің құрылысына алғашқы екі әлеуметтік жобаны жүзеге асыру үшін арнайы мемлекеттік қордан қаражат бөлу туралы шешім қабылданды, сондай-ақ Түркістан облысы Темірлан ауылында құны 890 миллион теңгелік музыка мектебі ашылмақ.

“Ақмола облысының Зеренді ауылында ауданы 6 мың шаршы метрден асатын, 80 адамды қабылдайтын спорт кешенін салу жоспарланып жатыр. Жоба бойынша орталықта күрес, бокс, шаңғы спорт түрлері бойынша жабдықталса, 2 спорт залы қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталады. Сондай-ақ спорт кешенінде спортшылардың жайлы жаттығуы мен сапалы сауығып кетуіне қажетті инвентарь және басқа да қосалқы құралдар қарастырылады”, – делінген хабарламада.

Ал Түркістан облысы Темірлан ауылында 300 орындық жаңа өнер мектебінің құрылысы жоспарланып жатыр. 1974 жылы салынған ғимарат заманауи санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай емес. Орталықта 420 бала оқиды, 45 мұғалім сабақ береді. 

Арнайы мемлекеттік қорда 177 миллиард теңге жинақталған. Бұл қаражат әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылысына және басқа да әлеуметтік маңызы бар мақсаттарға, соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, бұқаралық спорт және т.б. салалардағы жобаларды іске асыруға бағытталады.

Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия "Заңсыз алынған мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы" заңы аясында жұмысын жалғастырып жатыр. Барлық қаражат әлеуметтік пайдалы мақсаттарға одан әрі қайта бөлу үшін арнайы мемлекеттік қорға жіберіледі.

Талқылау