"Мемлекетке қарыз": Министр экс-банкир Жомарт Ертаевтың тез бостандыққа шығуына қатысты пікір білдірді
Фото:azh.kz
144 миллиард теңге жымқырды деп сотталған экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты. Ол Конституция күніне орай рақымшылыққа іліккен. Мұны Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналист 144 миллиард теңге жымқырған адам бес жылдан кейін қалай тез бостандыққа шығып кетті, ол Конституция күніне орай рақымшылыққа ілікті ме деп сұрады.
"Бұл – соттың шешімі. Ол Конституция күніне орай өтініш берген. Бұл оның құқығы. Жомарт Ертаев мемлекет алдында қарыз. Сондықтан пробациялық бақылауда болады. Қарсылық таныту, апелляцияға беру болады деп ойлаймын. Бұл соттың шешімі, оған қатысты пікір білдіре алмаймын", – деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шыққаны белгілі болды. Бұл ақпаратты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады.
Еске салайық, бұған дейін экс-банкир Жомарт Ертаев 2020 жылы Bank RBK-тен 144 млрд теңгені жымқырды деп айыпталып, 11 жылға сотталды, кейін жазасы 9 жылға қысқартылды. Жомарт Ертаев Заречный кентіндегі №14 колонияда жазасын өтеп жатқанда, ҰҚК қызметкері Рабисұлтан Арысбаев одан тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін ақша талап етіп, 4,8 млн теңге алған сәтінде ұсталды. 2023 жылы сот Арысбаевты 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, арнайы атағынан айырды.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
