Мемлекет жұмыс істей алатын адамдарды асырамайды – Бектенов

Фото: primeminister.kz
Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов мемлекеттік қолдау тек жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ адамдарға ғана берілуі керегін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бектеновтың айтуынша, жұмыс істей алатын адамдарды мемлекет асырауға міндетті емес және ешқашан асырамайды.
"Республикалық бюджеттің ұзақ жылдар бойғы шығынының 40%-дан астамы әлеуметтік көмекке кететін. Үшжылдық бюджет жасағанда біз оны 38%-ға төмендеттік. Бірақ әлі де көп жұмыс бар. Мемлекеттік әлеуметтік көмек тек объективті себептермен жұмыс істей алмайтын адамдарға беріледі. Жұмыс істей алатын адам жұмыс істеуі керек", – деді Бектенов сенаттағы депутат Сұлтанбек Макежановтың сұрағына жауап ретінде.
-
"Арнайы тізім жасалуда": Президент тапсырмасынан соң Қазақстанда кімдердің жәрдемақысы қысқартылады
-
Қазақстанда отбасылардың жәрдемақы алу үшін әдейі ажырасатыны рас па? Зерттеп көрдік
Сондай-ақ, ол алдағы үш жылға арналған бюджетті жасағанда негізгі шығыстар 15%-дан 12%-ға төмендегенін, бірақ әлі де бюджеттің шамамен 60%-ы әлеуметтік көмек пен халықты қолдауға кететінін алға тартты.
Еске салсақ, бұған дейін де Ұлттық экономика министрі Атаулы әлеуметтік көмекті мұқтаж емес адамдардың алып жүргенін айтқан еді.
Боксшыларға жасалған жағдай бізге де жасалу үшін Олимпиада чемпионы болу керек — Ауыр атлетикадан Әлем чемпионы Нұрғиса Әділетұлы