Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет Тимур Құлыбаевтың компаниясындағы үлесін сатпақ

Мемлекет Тимур Құлыбаевтың компаниясындағы үлесін сатпақФото: Sauda.e-qazyna.kz

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы бірқатар активтер бойынша sauda.e-qazyna.kz порталында электрондық саудалар мен электрондық тендердің қайта өткізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Электрондық сауда 2026 жылғы 12 наурызға, сағат 11:00-ге 

Саудаға АО “Kundybai Mining” компаниясының 20% акциясы қойылған, бастапқы бағасы – 43 620 300 теңге. Бұл активтің Тимур Құлыбаевпен байланысы бар, ол Joint Resources холдингі арқылы өндірістегі 80% үлеске ие.

Сонымен қатар сатуға қойылған Green Village тұрғын үй кешеніндегі 231,8 м² пәтердің бастапқы бағасы – 181 913 935 теңге, “Парижский квартал” тұрғын үй кешеніндегі 93,6 м² пәтер бағасы – 95 987 598 теңге, сондай-ақ сол тұрғын үй кешеніндегі екі қабатты 309,5 м² пәтердің бастапқы бағасы 308 757 871 теңге деп көрсетілген.

Әшекей-бұйымдар мен сағаттар үшін жеке электрондық тендер жарияланды. Ол 2026 жылғы 13 наурыз сағат 10:00-де басталады. Тендерде 38 лотты қамтиды, жалпы бастапқы құны – 743 032 174 теңге.



Компания барлық электрондық процедуралар қолданыстағы ережелерге сәйкес жүргізілетінін және барлық әлеуетті қатысушылар үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ететінін атап өтті.

Бұған дейін Тимур Құлыбаевтың Ұлыбритания ханзадасынан сарай сатып алғаны туралы жазған едік.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 25 Ақпан, 2026 12:51