Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстанда мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы ұсталды: Ол 100 миллион теңге пара алған

Батыс Қазақстанда шенеунік шекарадан тауарды заңсыз өткізу үшін пара алғанФото: Видеодан скрин

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Батыс Қазақстанда мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттамақ болғандарды ұстады. Өңірдегі мемлекеттік кірістер департаменті басқарма басшысы күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны Қазақстанға тауарларды заңсыз әкелуге жәрдемдескені үшін пара алды деген күдікке ілінді.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер пара алып, шетелдіктерге халық тұтынатын тауарларды ел аумағына кедергісіз әкелуге жәрдемдескен.

“Сот санкциясымен Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіндегі басқарма басшысы және елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды”, – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары шетел азаматтарынан 100 миллион теңгеден астам пара алған. Алдын ала бағалаулар бойынша, мемлекетке келтірілген шығын 1,9 миллиард теңге.

Ведомство тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін хабарлады.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 12 Қаңтар, 2026 14:20