Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет пен бизнестің бірлігі: Астанада Qarmet форумы өтті

15 қараша күні Астана қаласында тау-кен секторының материалдарын қайта өңдеуге арналған "Qarmet Recycling" жаһандық форумы өтті.

Іс-шараға Қазақстан және халықаралық бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар, қор мен холдинг басшылары келді. Форум осы саладағы қайта өңдеу және тұрақты даму технологияларын талқылауға арналған маңызды алаң. Оның ашылуында "Qarmet" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев сөз сөйлеп, бұл тақырыптың Қазақстан экономикасы мен экологиясы үшін ерекше өзекті екенін атап өтті.

"Бүгінде біз өнеркәсіптегі қайта өңдеу мәселесі туралы сөз қозғап отырмыз. Бұл тақырып әлемдік форумдарда жиі көтеріліп, Қазақстанның жаһандық үдерістердегі рөлі артып келеді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының Тоқаев Бакудегі әлемдік климаттық саммитте маңызды бастамалар көтеруі кездейсоқ емес. Болашаққа деген қамқорлық — бұл жай ғана тренд емес, бұл уақыт талабы, біздің тарихи міндетіміз", — деді Андрей Лаврентьев.

Форумда — "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының техногендік минералды түзілімдерді (ТМТ) қайта өңдеуді ынталандыру бойынша атқарған жұмысы да айтылды. "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы Райымбек Баталов ТМТ қайта өңдеудің стратегиялық маңыздылығына тоқталып, бұл міндеттің табысты орындалуы өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсартып, ТМТ қайта өңдеудің біртұтас жүйесін құруға мүмкіндік беретінін айтты.

"2022 жылы 1724 объекті болған болса, 2024 жылғы 1 қаңтарда Мемлекеттік кадастрда 1747 объект тіркеліп, онда шамамен 55 миллиард тонна ТМК тіркелген. Қазақстанның көпшілік кен орындары күрделі және бағалы, шашыраңқы және сирек металдардың қоспаларын қамтиды, олар көбінесе бос тау жынысымен бірге қоқысқа шығарылады. Кенді қайталама өңдеу потенциалын пайдаланудың орнына, біз ресурстарды отандық және әлемдік экономика үшін босқа сақтап отырмыз. "Атамекен" мемлекеттік органдармен бірлесіп ТМК қайта өңдеуді дамыту үшін үнемі жұмыс жүргізеді, қайта өңдеудің біртұтас жүйесін құру үшін кластерлік тәсіл қолдануды ұсынды", — деді Баталов.

"Qarmet" компаниясының бас директоры Вадим Басин комбинаттың алғаш рет қайта өңдеумен айналысуды жоспарлап отырғанын айтты.

"Qarmet тек өндірістік қуатты қалпына келтіріп қана қоймай, экологиялық жауапкершілік бойынша көшбасшы болуды көздейді. Біз 2028 жылға қарай жыл сайын 10 миллион тоннадан астам екінші реттік шикізатты қайта өңдеуді жоспарлап отырмыз, осылайша өндірістік циклды тұйықтап, қоршаған ортаға әсерді барынша азайтамыз. Біз қосымша өнеркәсіптік өнімдерді қайта өңдеуде үлкен әлеует көреміз, ол жаңа өндірістер үшін құнды шикізатқа айналуы мүмкін", — деді Басин, тұрақты экологиялық дамудың маңыздылығын атап өтіп.

Қазіргі таңда Qarmet компаниясының 750 миллион тоннадан астам екінші реттік шикізат қоры бар, оның ішінде болат балқытатын және доменді шлак, көмірді байыту өнімдері, тау жыныстарының қалдықтары және басқа да материалдар кездеседі. Бұл ресурстар құрылыс қоспаларын, тыңайтқыштар өндірісінде және әртүрлі өнеркәсіптік салаларда сұранысқа ие қымбат металдарды (мырыш, мыс, қорғасын) алу үшін белсенді түрде қолданылады.

Пленарлық сессия барысында қатысушылар Qarmet, шағын және орта бизнес, ғылыми-зерттеу институттары арасындағы стратегиялық серіктестіктерді дамыту, сондай-ақ екінші реттік жинақтарды қайта өңдеу және тиімді басқару мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, қайта өңделген материалдарды экологияны жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңірлерде экономикалық өсімді ынталандыру мақсатында қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.

Мемлекеттік қолдау мәселесі ерекше назарда болды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылыми-зерттеу институттарының қайта өңдеу саласын дамытуға бағытталған жаңа бастамалары мен бағдарламалары туралы айтты.

"Министрлік қазіргі таңда ғылымды қаржыландыру және ұйымдастыру процесіне қатысты тәсілдерді толық қайта қарады. Бұрын ғылым мен өнеркәсіп өз алдына жүрсе, енді өндіріс пен жаңа технологиялық деңгейге шығу үшін ғылымсыз даму мүмкін емес. Біз барлық ресурстарымызды, институттарымызды, жаңа сараптамалар мен құзыреттерімізді өнеркәсіптің міндеттерін шешуге жұмсауға толық дайынбыз", — деді Саясат Нұрбек.

Германияның D.A.R. Metall AG компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі Деннис Фишер металлургиялық өндірістің қалдықтарын қайта өңдеу жөніндегі Qarmet форумында халықаралық тәжірибесімен бөлісіп, экологиялық мәселелерді шешу үшін халықаралық ынтымақтастық пен білім алмасудың маңыздылығын атап өтті.

"Біздің концепциямызда болат құю және технологиялық өндірістің өнімдерін белсенді қолданамыз. Біз бірқатар компаниялармен жұмыс істейміз, екінші реттік өнімдерді қайта өңдеуде үлкен мақсат қойып отырмыз. Біз әлемдік озық технологиялар негізінде қалдықтарды жоғары сапалы өнімдерге айналдыратын тұтас қайта өңдеу жүйесін құрамыз. Экономикалық тиімділік мысалы ретінде Германиядан Қазақстанға 10 миллион тоннадан астам қалдықтың экспортталуы оның нарықтағы маңыздылығын дәлелдейді. Біздің мақсатымыз — Қазақстанда металлургиялық өндірістің қалдықтарын қайта өңдеудің тиімді жүйесін құру, бұл экономикалық тиімділікке ғана емес, қоршаған ортаны қорғауға да ықпал етеді", — деп атап өтті Фишер.

Форум барысында Qarmet пен шағын және орта бизнес өкілдері арасында бірнеше келісім жасалды. "Qarmet Recycling" қайта өңдеу саласында жаңа серіктестіктер құру мен іскерлік байланыс орнатуға арналған маңызды алаңға айналды.

"Қазіргі уақытта біздегі үш департамент бойынша жиналған қалдықтар бар, олардың 54,1%-ы Темір рудасы департаментіне, 34,4%-ы Болат департаментіне және 11,4%-ы Көмір департаментіне тиесілі. Бұл жинақталған қалдықтарға тау жыныстарының үйінділері, қалдық қоймалары, күл мен шлам жинағыштар және т.б. кіреді. Осының бәрі – бизнес үшін үлкен әлеует және еліміздің экологиясын сақтауға елеулі үлес қосады", – деді Qarmet компаниясының қайта өңдеу жөніндегі директоры Сергей Малыхин.

Бұл бастама компанияның өндірісті жаңғырту, жаңа жұмыс әдістерін енгізу және кәсіпорын активтерін жандандыру бойынша кешенді бағдарламаның бір бөлігі болады. Қазіргі уақытта компания бір жылға толмаған уақытта 3 миллион тонна болат өндірді, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Негізгі басымдық — өнеркәсіптік қауіпсіздік. Жүзеге асырылған және жоспарланған жобаларға компания $3,5 миллиард инвестиция құйған.

Іс-шараның соңында барлық қатысушылар бизнес пен мемлекеттің бірлескен күш-жігерінің арқасында елдегі қайта өңдеу саласын экологиялық жағынан тұрақты әрі тиімді етуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Талқылау