Мемлекет басшысы таеквондодан Әлем чемпионы атанған Бейбарыс Қабыланды құттықтады

Кенияда өтіп жатқан таеквондодан Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған Бейбарыс Қабыланды президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отандасымыз 87 келіде ел намысын қорғады.
“Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін!” – делінген құттықтау хатында.
Айта кетейік, бұл – Әлем чемпионатында ел қоржынына түскен алғашқы жүлде.
Тарихи жүлде: Қазақстандық таеквондошы әлем чемпионатында топ жарды
Бейбарыс Қабылан шешуші сында таеквонданың отаны саналатын Оңтүстік Корея спортшысын айқын басымдықпен жеңді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"