Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тарих оқулығында Назарбаев туралы бөлімге 13 бет арналған: Білім мазмұнын сараптау орталығы себебін түсіндірді

Назарбаев

Фото: КТК телеарнасынан

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы әлеуметтік желіде Қазақстан тарихы пәнінің 8-9 сыныптарға арналған оқулығына қатысты сынға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер Михаил Козачков Telegram-арнасында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған жеке бөлімнің енгізілгеніне назар аударған пост жариялады. Оған оқулықта 13 бет бөлінген. Бұған қоғамда осындай тәсілдің орындылығы туралы қызу талқылау өрбіді.

Орталық жауап ретінде бұл оқулық жаңартылған білім мазмұнының типтік бағдарламасына, оқу-ағарту министрлігі (бұрынғы білім және ғылым) бекітілген талаптарға сәйкес дайындалғанын айтты. 2019 жылдан бері оқулық оқу процесіне енгізіліп, елдің мектептерінде қолданылады.

"Бұл бағдарламаға сәйкес тұңғыш президентке арналған бөлім "Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің жаңғыруы (1991-1996 жылдар)" тақырыбына енгізілген. Ол тәуелсіз мемлекет қалыптасуы контекстінде қарастырылады және елдің жаңа заман тарихындағы маңызды оқиғаларды зерделеудің бір бөлігі ретінде ұсынылады", – делінген хабарламада.

Орталық сонымен қатар 2024 жылы 9-сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулықтарының мазмұны типтік бағдарламаға сәйкес жаңартылғанын, жаңартылғаннан кейін оқулықтар қайтадан басылып, 2024-2025 оқу жылының басынан бастап оқу процесіне енгізілгенін атап өтті.


Назарбаев зияткерлік мектебі тәжірибесін басқа мектептерге беру үшін 22 млрд теңге бөлінген: НЗМ қаражаттың қалай жұмсалғаны туралы айтудан бас тартты


"Буғалтыр, пизкультуре, жертатақ": Желі қолданушылары қазақ тілін үйрететін кітап авторының аудармаларына шүйлікті


Еске салайық, бұған дейін қазақстандық мектептерде төрт пән бойынша оқулық өзгеретінін жаздық. Министр 2026 жылы Қазақстанда оқулықтардың мазмұнына қатысты шағымдар ескеріліп, жаңа білім стандарты күшіне енетінін еске салды. Толық талдау жүргізіп, 600 оқулыққа қатысты 26-ға жуық шағым бар екенін анықталды. Соның ішінде аталған шағым 11 оқулықтан расталды. Бұл негізінен география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті сияқты пәндерге қатысты. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 03 Қыркүйек, 2025 16:31
Талқылау